Олар заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған
Түркістан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарына жаппай бағынбау фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыстық прокуратура хабарлауынша, тергеу барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды.
«Қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде қатаң ұстау жасағында ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған - түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеуге және заңнамада тыйым салынған өзге де жеңілдіктер беруді талап еткен», - делінген хабарламада.
Заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған.
Сот сотталушылардың әрқайсысына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды.
Оқи отырыңыз: Қысқы уақытта жаңа шектеулер енгізіледі: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады