Тұрмысқа пайдаланатын баллондардың жарамдылығы 30 жылдан аспауы тиіс
Түркістан облысында жыл басынан бері газ баллондарының жарылуы бойынша 9 жағдай тіркелген. Соның салдарынан 14 адам жарақат алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі газ баллондарын сақтау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған.
Мамандардың айтуынша, тұрмысқа пайдаланатын баллондардың жарамдылығы 30 жылдан аспауы тиіс. Қазір өңірде қолданыста жүрген алты мыңнан аса баллон бар екен. Алайда оның 90 пайыздан астамының тозығы жеткен.
«Экономикалық тұрғыда тиімсіз болғандықтан, газ толтыру пункттері өз жұмысын тоқтатып қойған. Халық автогаз құю бекеттерінде газ баллондарын құйып жатыр. Департамент тарапынан ай сайын, тоқсан сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз», - деді ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерғали Мырзахметов.
Оқи отырыңыз: Ауқымды іздестіру шарасы: Қарағанды облысында бала жоғалып кетті