Балабақшада санитарлық нормалардың өрескел бұзылғаны анықталған
Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде 24 тәрбиеленуші уланып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Сайрам ауданында болған. Астан ұшынғандардың ішінде балабақшаның екі қызметкері де бар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, барлық науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылыпты. Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дереу тексеріске кіріскен. Оған сәйкес, балабақшада санитарлық нормалардың өрескел бұзылғаны анықталған. Сондай-ақ мекемеде азық-түлік өнімдері дұрыс сақталмағаны да белгілі болып отыр.
«Асханада жабдықты орналастыру және оның жұмысы технологиялық процестердің бірізділігі мен ағымдылығының сақталмауы, өнімдердің қауіпсіздікті растаушы құжаттарының жоқ болуы, дезинфекциялау және жуу құралдарының арнайы орындарда сақталмауы себеп болған. Қазіргі таңда, 2 нысан жабылып, полиция бөлімі тарапынан ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс ашылған», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында оқушыны қатарластары соққыға жыққан