Түркістан тауларында альпинистерді қалай құтқарды

04.09.2025 18:48

Екі туристің бірі өлі табылды

Түркістан облысында жоғалған екі туристің бірі өлі табылды. Ал екіншісі 3 күннен кейін құтқарылды. Аман қалған азамат бірнеше күн бойы құздың үстінде тамақ, сусыз отырған, тіпті ұйықтамаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын 28 және 29 жастағы екі азамат тауға шығып, қайта оралмаған. Құтқарушылар мен альпинистер арнайы құрал-жабдықтың көмегімен аймаққа көтеріліп, тірі қалған саяхатшы мен қайтыс болған адамның денесін тапты.

«Құтқарушылар іздеу жұмыстарын Сайрамсу шыңының маңында, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте жүргізді. Бұл аумақ – «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, Қасқасу ауылынан небәрі 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Тірі табылған турист атпен таудың етегіне түсіріліп, туыстарына табысталды. Ал марқұмның денесі төменге жеткізіліп, тәртіп сақшыларына берілді», – деді Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: Түркістан облысында 11 тұрғын көз жұмды