Түркістанда алимент дауы: борышкерлердің қарызы 700 миллион теңгеден асады

13.08.2026 20:54

Қалада өз баласының алдындағы қарызын өтемеген ата-аналармен күрес күшейді

Түркістанда алименттен жалтарып жүргендердің берешегі 700 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Almaty.tv

Қалада өз баласының алдындағы қарызын өтемеген ата-аналармен күрес күшейді. Осыған байланысты «Борышкер» профилактикалық рейді ұйымдастырылды. Тексеру барысында мемлекет алдындағы қарызын төлемеген екі азаматтың темір тұлпары айып тұрағына қойылды. Өзге борышкерлерден 450 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді. Құзырлы органдар қарызды мәжбүрлеп алумен қатар,  берешекті өтеу тәртібін де түсіндірді. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

«Алимент берешегі бар борышкерлер 3 ай мерзімде төленбеген жағдайда ӘҚБтК 664-бабының 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ол жерде не қамау болады немесе айыппұл салынады», – деді Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Алмас Сейітов.

Оқи отырыңыз: Сұлулық салонындағы сұмдық: Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашты

Толық көрсету