Сұлулық салонындағы сұмдық: Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашты

Жәбірленушінің басы мен беті, мойны, кеудесі, қолы мен арқасы күйіп, ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бетінің сау тамтығы қалмаған. Шымкентте ер адам бұрынғы жұбайын алдап кездесуге шақырып, үстіне қышқыл сұйықтық шашқан, деп хабарлайды Almaty.tv

Алдын ала мәлімет бойынша, ол басқа телефон нөмірінен хабарласып, өзін сұлулық салонының клиенті ретінде таныстырған. Кешкі уақытқа қабылдауға жазылып, жұмыс орнына келген сәтте әйелге шабуыл жасаған. Салдарынан жәбірленушінің басы мен беті, мойны, кеудесі, қолы мен арқасы күйіп, ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Ал оқиғаға бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы несие мен алимент төлеміне қатысты дау түрткі болуы мүмкін деген болжам бар.

«Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстап, қамауға алынды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды