Түркістанда дрон, бейнекамера шығарылады

Өңір басшысы қазанда шетелдік компаниялармен 301 миллиард теңгеге 35 меморандумға қол қойған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда дрон, бейнекамера шығарылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңір басшысы қазанда шетелдік компаниялармен 301 миллиард теңгеге 35 меморандумға қол қойған. Келісім аясында медициналық жиһаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындар да ашылады. Түркістандық зауыттар Қазақстаннан бөлек, шетелге де түрлі өнім шығармақ.

"Алдағы уақыттарда индустриалды аймақтарда тұрмыстық техника, қосымша өсімдік майы, газ қондырғылары, лифт құрастыру, әскери палатка, санфаянс, сэндвич панелі және сусындар өндіретін зауыттар ашылады", – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Облыста демографиялық өсім жоғары болғандықтан, мектептерде 35 мың оқушыға  орын тапшы. Мәселені шешу мақсатында өңірде 50 білім ошағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 29-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда. Облыс әкімінің айтуынша, нәтижесінде 4 апатты және 3 үш ауысымды білім мекемесінің мәселесі шешілді.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 500-ден аса петроглиф мемлекет қорғауына алынды

Новости партнеров