Оқиғадан кейін ер адам өзіне қол салмақ болған көрінеді
Түркістанда қанды қылмыс. Күйеуі әйелін пышақтап, ауыр жарақаттаған. Қансыраған 54 жастағы жұбайы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әзірге қайғылы жағдайдың нақты себебі белгісіз. Алайда көршілері оқиғаға ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін деп отыр. Болған оқиғадан кейін ер адам өзіне қол салмақ болған көрінеді.
«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады», – деді Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Сейділдаев.
Оқи отырыңыз: "Балаңыз дуаланған": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті