Абаттандыру ережесін елемегендер де жазасыз қалмады
Көшеге қоқыс тастап, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың қалтасы жұқара түсті. Биыл Түркістан облысында қоғамдық орынды ластаған 5 мыңнан астам адам анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оларға жалпы сомасы 170 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның 113 миллион теңгесі өндірілген. Абаттандыру ережесін елемегендер де жазасыз қалмады. Бұл бағытта 8 мыңға жуық хаттама толтырылып, 7 мыңға жуық тұрғынға ескерту жасалыпты. Ал 800-ден астам құқық бұзушыға 31 миллион теңгеден көп айыппұл салынған. Тәртіп сақшылары тексерістің одан әрі күшейетінін ескертеді.
«Биыл 8 айда ортақ пайдаланатын орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын сақтамаған 13 675 тұлғаға әкімшілік шара қолданды. Құрметті тұрғындар, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, туған өлкеміздің тазалығына үлес қосайық!» – деді Түркістан облысы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Әлихан Алентаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда студенттерге есірткі мен интернеттегі қауіптер туралы айтылды