Алматыда студенттерге есірткі мен интернеттегі қауіптер туралы айтылды

polisia.kz
polisia.kz

Қатысушыларға профилактикалық бейнематериалдар көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші курс студенттерінің қатысуымен "Жарқын болашақ" қалалық профилактикалық форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараны Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және қалалық Жастар саясаты басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Форум барысында студенттерге интернет пен мессенджерлер арқылы жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың заманауи тәсілдері түсіндірілді.

Сонымен қатар мұндай қылмыстар үшін көзделген жауапкершілік, дропперлік, интернет-алаяқтық, ойынға тәуелділік және өзге де цифрлық қауіптердің алдын алу мәселелері қозғалды.

Кездесуде жастарды қылмыстық әрекетке тарту белгілерін дер кезінде танып, құқыққа қайшы контентке қауіпсіз әрі сауатты әрекет етудің маңызына ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға профилактикалық бейнематериалдар көрсетіліп, ашық форматта сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Форум полиция мен жастар арасындағы тікелей байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және қылмыстық әрекеттің кез келген түріне жол бермеу ұстанымын нығайту.

Оқи отырыңыз: Тағы бірнеше министрліктің басшылары тағайындалды