Түркістандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айсұлтан иеленген грант $4 614 000 долларды құрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Арыс “Білім-Инновация” лицейінің 11 сынып оқушысы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді халықаралық 10 университет көрсетілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда: Budapest University of Technology and Economics, Eötvös Loránd University, University of East London, Albion College, Hampshire College, Drexel University, DePaul University, CU Boulder (University of Colorado Boulder), Drake University, Temple University сынды әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар.

Бұл білім ордалары — жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер қатарында.

«Айсұлтан иеленген грант $4 614 000 долларды құрайды. Бұл жетістік — Айсұлтанның табандылығы мен талпынысының, ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда ұландықтар 90 жастағы тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Новости партнеров