Жиын аясында талапшыл жастарға мекеме автопаркі таныстырылды
Түрксіб ауданындағы № 11 өрт сөндіру бөлімінде мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері үшін ашық есік күні өткізілді, деп хабарлады Almaty.tv.
Құтқарушылар мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндірушілерге құрмет көрсетуден басталды. Жиын аясында талапшыл жастарға мекеме автопаркі таныстырылып, жалынды ауыздықтауға көмектесетін құрал-жабдықтың түр-түрі көрсетілді. Олардың қызметі түсіндіріліп, өрттен сақтану ережелерін білудің маңызы айтылды. Ал салада бірнеше жыл еңбек еткен ардагерлер жас өрендерге ақжарма тілегін жеткізді.
"Бүгінгі іс-шара өте қызық. Білмейтін көптеген дүниені көрдім, осы салаға қызығушылығым артта түсті. Өрт сөндіріп жатқанда, түрлі жағдай болады, сондықтан оңай емес деп ойлаймын", – деді оқушы Ерназ Төребай.
"Өткен жылмен салыстырсақ, Түрксіб ауданында үгіт-насихат жұмыстарының нәитесінде өрт 3-4 есеге азайған. Ауданы әкімшілігімен бірлесе мердігерлік ұйымдар шөптерді шауып жатыр", – деді Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Хабиболла Ташпаев.
Оқи отырыңыз: Оқулықта олқылық бары рас: баспагерлер кітаптағы қателерге қатысты пікірін айтты