Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу: Биыл Атырауда 4 жоба жүзеге асырылды

24.08.2026 16:57

Аймақта жыл басынан бері 266 экологиялық іс-шара ұйымдастырылды

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағытында биыл 4 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Табиғат жанашырлары санитарлық тазалық, абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізбек. Жалпы аймақта жыл басынан бері 266 экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде 6,5 мың тонна қоқыс шығарылып, 17 мың көшет отырғызылды. Бұдан бөлек, мектептерде қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық акциялар өткізу және көгалдандыру жұмыстарына да көп көңіл бөлініп жатыр.

«Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі акциялармен экологиялық бастамалар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, «Таза жағалау», «Мөлдір бұлақ», «Түлектер ағашы» сияқты акциялар аясында аумақтарды абаттандыру, тазалау, табиғи нысандарды қорғау жұмыстары жүргізілуде. Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәдеге жарату бағытында 4 жоба іске асырылып келеді», – деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Ботагөз Ынтымақ.

Оқи отырыңыз: Сыр елінде 90 отбасы қоныс тойын тойлады

Толық көрсету