Бұл басқа шаралармен бірге банктерді корпоративтік сегментті неғұрлым көбірек несиелеуге ынталандырады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында тұтыну несиесін арзандату бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тұтынушылық кредиттер бойынша шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56%-тен 46%-ке дейін төмендеттік. Енді оны 40%-ке дейін одан әрі төмендету қажеттілігі қосымша қарастырылып жатыр", — деді ол.
Ұлттық банк басшысы 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап банктер жеке тұлғалардың портфелі есебінен 2% мөлшерінде қосымша буфер жасауға міндеттелетінін айтты.
"Ол 460 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Осылайша, банктердің бөлшек несие портфелін күрт ұлғайтуға деген ынтасы азаяды. Бұл басқа шаралармен бірге банктерді корпоративтік сегментті неғұрлым көбірек несиелеуге ынталандырады", — деді Тимур Сүлейменов.
Оқи отырыңыз: Мемлекет баспана мен автокөлік ақысын бөліп төлеу нарығын өз бақылауына алмақшы