Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жаңа әдістер енгізіледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұдан былай қылмыстық жауаптылық қатаңдатылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ілеспе заң Қылмыстық кодекске және Қылмыстық-процестік іс жүргізу кодекстеріне «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа» қарсы күресті күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын немесе оларға теңестірілген адамдарға жатпайтын басқа да ұйымдар қызметкерлерінің ірі мөлшерде немесе бопсалау жолымен заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауаптылығы қатаңдатылады.

Сонымен қатар осы адамдарға осындай сыйақы бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органға осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу құқығы беріледі.

Сонымен қатар пара туралы талап, уәде немесе ұсыныс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Түзетулердің жеке блогы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қайта ұйымдастыруға қатысты.

Оның функциялары ұлттық қауіпсіздік комитеті (ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган болады) мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган) арасында қайта бөлінеді.

Оқи отырыңыз: Есірткі қылмысы: елімізде 76 шетел азаматы ұсталды

Новости партнеров