Тым ыстық шай мен кофе қандай қауіпті ауру тудыруы мүмкін

11.10.2026 14:14

ДСМ сусындарды қандай температурада ішкен дұрыс екенін айтты

Depositphotos.com

Оксфорд университетінің ғалымдары ыстық сусындардың температурасы мен оларды тұтыну жиілігінің өңеш обырының даму қаупіне әсерін зерттеді. Миллионға жуық адамның деректері талданған зерттеу нәтижесі сусынның мөлшерімен қатар, оның температурасы да маңызды екенін көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, өте ыстық сусын ішетін адамдарда өңештің жалпақ жасушалы обырының даму қаупі жылы сусын ішетіндермен салыстырғанда үш еседен астам жоғары болған.

Сондай-ақ күніне алты немесе одан да көп кесе ыстық сусын ішетін адамдарда обырдың осы түрінің даму қаупі 71%-ға артқаны байқалған.

Ғалымдар шай мен кофенің арасында айтарлықтай айырмашылық анықтамаған. Олардың пайымдауынша, негізгі қауіп сусынның түріне емес, температурасына байланысты болуы мүмкін. Өйткені тым ыстық сұйықтық өңештің шырышты қабығын зақымдауы ықтимал.

Шай мен кофеден бас тарту қажет пе?

Мамандардың келтірген деректері сүйікті сусындардан бас тарту керек дегенді білдірмейді. Ең бастысы – шай мен кофені ауызды күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеу. Сусынның сәл салқындауын күткен дұрыс.

Күнделікті әдеттерге осындай шағын өзгеріс енгізу денсаулыққа көңіл бөлуге көмектеседі.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз: Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма

Толық көрсету