Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді
Алматы қаласында Алатау ауданының Самғау шағынауданында 2 қабатты жеке тұрғын үй өртенді. От көршілес бір қабатты үйдің және уақытша құрылыстың шатырларына ауысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылымдар арасындағы арақашықтықтың аздығына және жоғары өрт жүктемесіне қарамастан, ТЖМ бөлімшелері өрттің одан әрі таралу қаупін дер кезінде жойды. Құтқарушылар оқпандарды бір мезгілде сөндіруге және қорғауға бағыттап, жоғары дәрежелі шығу рангімен жұмыс істеді.
Жалын жалпы ауданы 250 шаршы метрді қамтыған. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқи отырыңыз: Алматыда тарихи ғимараттардың цифрлық келбеті жасалады