ТЖМ трассалық медициналық-құтқару пункті жаңа реанимобильмен толықты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Автомобиль заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство мәліметінше, жаңа реанимобиль Шет ауданының автожолдарында пайдаланылады және жол-көлік оқиғалары мен жолдағы басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған.

"Автомобиль заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған және зардап шеккендерге оқиға орнында жедел және реанимациялық көмек көрсетіп, олардың жағдайын тұрақтандырып, кейіннен жедел жәрдем бригадаларына немесе медициналық ұйымдарға тапсыруға арналған", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сонымен қатар жол бойында орналасқан трассалық медицина-құтқару пунктіне кез-келген жолаушылар мен жүргізушілер мен жолаушылар да көмек ала алады.

Оқи отырыңыз:Вакциналарға қатысты таралған ақпарат шындыққа жанаспайды - ДСМ

Новости партнеров