«ҰБТ-ға көмектесемін»: Павлодарда алаяқтықпен 1 млн теңге алған күдікті ұсталды

depositphotos
depositphotos

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Polisia.kz порталының мәліметінше, жәбірленуші полиция көмегіне жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

 

Новости партнеров