Әуезов ауданында бөбекжай қашан ашылады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов белсенді азаматтармен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматының Әуезов ауданында жаңа үйірме орталығын тұрғызып, әлеуметтік мекемелердің кейбірі үшін заманауи ғимарат салу қажет». Бұл – қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен өткен жиында айтылған негізгі мәселелер, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар басқосуда Әуезов ауданын әлеуметтік-экономикалық бағытта ілгерілету керегі сөз болып, білім беру, мәдениет пен спорт сынды салаларды өркендету жайы қаралды. Отырыстан кейін, әкім орынбасарына жоғары оқу орындарының қызметі таныстырылып, белсенді азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.

«Алматыда, осы ауданда туып өскендіктен, туындаған мәселелерге бей-жай қарай алмаймыз. Кездесуде жеткен жетістігіміз бен алға қойған мақсаттарымыз жайлы айтып қана қоймай, саланың дамуына қажетті бастамалар жөнінде сөз қозғадық. Кәсіби жаттықтырушылар санын арттырып, спорттық нысандарды салуға қаржы бөлу жағын қарастырдық», – деді олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов

Әкім орынбасары аудандағы қараусыз қалған ғимараттың орнына салынған №205 балабақшаны аралады. Мекемеде құрылыс жұмысы толықтай аяқталған. Заманауи жабдықтар қойылып, қолайлы орта құруға көп көңіл бөлінген. 160 балаға арналған бөбекжай жуық арада қолданысқа берілмек.

«Бүлдіршіндіер қазақ, орыс тілдерінде оқытылады. Балалардың дамуына барлық жағдай жасалған. Психолог, логопед кабинеті, музыкалық залдар және үлкен топтарымыз бар», – деді балабақша меңгерушісі Мәншүк Бигерестанова.

Оқи отырыңыз: Алматыда Халықаралық еріктілер жылы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған

Новости партнеров