Үйлерді су басатын қауіп жоқ: Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды.

Ботагоз Жокенкызы

«ҚазАвтоЖол» мамандары да жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында ауыл іргесінде орналасқан «Шөптікөл» бөгеті бұзылды. Оқиға кеше түскен кейін болды. Гидротехникалық нысан Сабындыдан солтүстікке қарай бар болғаны 2 шақырым жерде орналасқан. Қорғалжын ауданының әкімі «үйлерді су басатын қауіп жоқ» деп сендіріп отыр. Төтеншеліктер елдімекенге су жайылмас үшін жедел іске кірісіп, бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары қолға алынғанын, шамамен 170 адам және 43 техника жұмылдырылғанын хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» мамандары да жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Компания мәліметінше, су жолдың жүру бөлігіне өтпеген. Көлік қозғалысына шектеу жоқ. Ал трасса астындағы үш көзді құбыр суды кедергісіз өткізіп жатыр. Жол жамылғысы да бүлінбепті. 

«Қазіргі уақытта  үйлерді су басатын қауіп жоқ. Барлық жұмыстар штаттық режимде жүріп жатыр. Жолдар бұзылған жоқ. Барлығы қалыпты режимде. Бұл жұмысқа Қорғалжын ауданының Сабынды ауылының еріктілері жұмылдырылды. Суды басқа жаққа бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Қорғалжын ауданының әкімі Алмас Алин.

Оқи отырыңыз: Сарбаз өлімі: дәрігерге үкім шықты

 

 

 

Новости партнеров