ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымын тоқтатты

16.05.2025 13:01

Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған

ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған. Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген ҰҚК хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Елімізден бұқаларды экспорттауға уақытша тыйым салынды