Елімізден бұқаларды экспорттауға уақытша тыйым салынды

wies dool/unsplash.com/
wies dool/unsplash.com/

Сәуірдің басында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға уақытша тыйым салынған еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кешеден бастап ел аумағынан бұқаны сыртқа сатуға тыйым жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 14 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы қол қойылып, ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға қатысты 2025 жылғы 7 сәуірдегі бірлескен бұйрыққа толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқасын экспорттауға үш ай мерзімге тыйым салынды.

Жаңа бұйрық 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енді. 

Сәуірдің басында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға уақытша тыйым салынған еді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Ерменсай тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін су жинағыш салынады

Новости партнеров