ҰҚК: Астана әуежайында шетел азаматы ұсталды

24.10.2024 09:56

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды

elements.envato.com

12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астананың халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжатын пайдаланудың 198 дерегін жойды", - делінген хабарламада.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әйелді ұрып-соққан ер адам іздестіріліп жатыр