ҰҚК Қазақстанға есірткі тасымалдаған халықаралық арнаның жолын кесті

03.05.2025 12:57

Есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынды

ҰҚК баспасөз қызметі

Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынды.

«Сонымен қатар Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты. Есірткі затын сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстанның азаматы қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған.

«Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 кг психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленді», - деп атап өтті ҰҚК өкілдері.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Өзбекстаннан Алматыға жаңа әуе рейсі қатынай бастайды