ҰҚК қазан айында қандай қылмыс тіркелгенін жариялады

ҰКҚ
ҰКҚ

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҰҚК қазан айында тіркелген қылмыс туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазан айында Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 83 құқық бұзушылықты тіркеді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;

- 190-бап (алаяқтық) – 16; - 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2; - 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1; - 366-бап (пара алу) – 26; - 367-бап (пара беру) – 11; - 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;

- 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1; - 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;

- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 2.

Сотқа келесі 54 қылмыстық іс жіберілді:

- 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) – 1;

- 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 1;

- 190-бап (алаяқтық) – 17;

- 366-бап (пара алу) – 19; - 367-бап (пара беру) – 11; - 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 5.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бедеулікті емдеудің заманауи әдістері талқыланды

 

Новости партнеров