ҰҚК Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты пікір білдірді

22.09.2024 в 16:09

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі ҰҚК Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды.

Өліміне биіктен құлау себеп болған.

Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлары анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін 19 жастағы курсанттың биіктен құлап қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әскери қызметкер өзіне қол жұмсап көз жұмды