ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап қаза тапты
Almaty TV
Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлап мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Болжам бойынша, марқұм 19 жас шамасында.
«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда Бостандық ауданында оқушы қыз қаза тапты. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы балконнан құлаған.
Оқи отырыңыз: Петропавлда әскери қызметкер өзіне қол жұмсап көз жұмды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52