ҰҚК Маңғыстауда мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарған ірі схеманы анықтады

21.10.2026 18:10

Жүргізілген операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 миллиард теңгеге бағаланып отыр

Almaty.tv

Маңғыстау облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарудың ірі схемасы әшкереленді. Көлеңкелі операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қылмыстық әрекетті Маңғыстау облысының кәсіпкері ұйымдастырған. Ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу туралы келісімшарт жасасқан. Шикізатты шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеген. Содан кейін дайын өнімге жалған сапа паспорттары рәсімделген. Әрмен қарай заңсыз тауар пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкерлермен шетелге заңсыз шығарылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2019–2023 жылдар аралығында тек бір компания арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Жүргізілген операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Құқық қорғау органдары күдіктілердің активтерін, шағын мұнай өңдеу зауыттарын, танкерді және өзге де мүліктерін тәркіледі. Сонымен қатар мемлекет кірісіне заңсыз табыс пен төленбеген салықтар есебінен 2 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілді.

Оқи отырыңыз: Шымкенттегі өртке қатысты болжам айтылды

 

 

 

Толық көрсету