ҰҚК-ның екі қызметкері жол апатынан қаза тапты

Clark Van Der Beken/ unsplash.com/
Clark Van Der Beken/ unsplash.com/

Оқиға Toyota Camry және Mitsubishi Pajero көліктерінің қатысуымен болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкері жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға Toyota Camry және Mitsubishi Pajero көліктерінің қатысуымен болған. Жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі медициналық көмекке жеткізілген. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғалды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, Шолдала ауылының бағытымен жүріп келе жатқанда, басты жолмен қозғалып келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында екі адам қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді», — деді департамент өкілдері. 

Оқиғаға күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды.

Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жұмысшы абайсызда кәріз құдығына түсіп кетіп, көз жұмды

Новости партнеров