ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды

05.10.2025 12:20

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады

Аlmaty.tv

Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

— 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

— Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Алматыда сарбаз әскери бөлім ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен еді. 

Оқи отырыңыз: Сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткен: Ұлттық ұлан түсініктеме берді