Үкіметте әлеуметтік саланы дамыту мәселелері қаралды

14.09.2026 21:26

Жиын қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді

Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының денсаулық сақтау, оқу-ағарту, туризм және спорт салалары жөнінде берілген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, туризм және спорт министрі Ербола Мырзабосыновтың есептері тыңдалды.

Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, азаматтарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және туризмнің ел экономикасындағы үлесін ұлғайту мәселелеріне тоқталды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарға кешенді талдау жүргізу, оларды сапалы әрі уақтылы пайдалануға беру қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. 

Оқи отырыңыз: Елімізде жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемнің мерзімі қысқарады



 

Толық көрсету