Ұлттық банк 125,6 миллион АҚШ долларына валюталық интервенция жүргізді

01.08.2025 15:52

Валюталық интервенциядан кейін доллар 4 пайызға төмендеп, 540 теңгеге дейін арзандаған

Almaty.tv

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін 125,6 миллион АҚШ долларына валюталық интервенция жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шара алыпсатарлықты тежеп, нарықтағы көк қағаздың тапшылығын азайтуға көмектескен. Валюталық интервенциядан кейін доллар 4 пайызға төмендеп, 540 теңгеге дейін арзандаған.

Ұлттық банк дерегінше, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 миллионнан 260 миллион долларға дейін ұлғайып, жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 миллиард долларға жеткен.

Айта кетейік, осы аптада KASE-де АҚШ валютасы 550 теңгеге дейін өскен.

Оқи отырыңыз: Дональд Трамп Қазақстанға баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды