Шетелдік алаяқ Астана тұрғынын 21 млн теңгеге алдап кеткен. Тергеу мәліметінше, 43 жастағы ер адам жәбірленушіге қоңырау шалып, өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол «сіздің депозиттік шотыңыздан күмәнді операция жасалмақ» деп сендіріп, «қауіпсіз шотқа» 1 млн теңге аударуды сұрапты. Кейін өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған басқа адамдар хабарласып, «операция жалғасып жатыр» деген сылтаумен жәбірленушінің басқа да жинақтары туралы ақпарат алған. Нәтижесінде, алаяқтар шешіп алынған қаражатты «тексеру үшін» курьерге беруді сұраған. Жедел шаралар барысында полиция шетел азаматын ұстады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматтарды сақ болуға және телефон арқылы белгісіз адамдардың нұсқауына сенбеуге шақырамыз», – деді Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Бақытжан Әшірова.
Оқи отырыңыз: Елімізге дәрілерді жеткізетін компания алаяқтық жасап келген