Ұлттық банк OTYRAR коллекциялық монетасын айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі

Монеталар 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап сатылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан OTYRAR және «Көшпенділердің аңыздары мен мифтері» сериясы аясында GRIFFIN коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Монеталар 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкені арқылы сатылады.

OTYRAR коллекциялық монеталары туралы

Отырар – Қазақстан тарихындағы бірегей археологиялық ескерткіш, Орталық Азияның ежелгі қалаларының бірі, Сырдария өзенінің аңғарында орналасқан Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда-қолөнер және мәдени орталығы. Қала керуен саудасының, ғылым мен білімнің маңызды орталығы – философ Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері ретінде танымал.

Монетада көркемделген қалқан мен ежелгі Отырар қаласының көрінісі бейнеленген. Монетаның үстіңгі жағында қаланың бекініс қақпасы, қабырғалары мен мұнаралары орналасқан.

Монета алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.   

GRIFFIN коллекциялық монеталары туралы 

Еуразияның көшпелі халқында грифон денесі арыстан, басы бүркіт бейнесіндегі мифологиялық қанатты тіршілік иесі ретінде көрініс тауып, аспан мен жер күшінің үйлесімін білдірген. Аңызға айналған мифологиялық жануар жасырылған қазына сақшысы және әскери ерліктің, билік пен күн энергиясының белгісі болған. Грифон көшпенділердің «аң стилінде» – алтын, қару-жарақ, ат әбзелдері мен салт-жоралық әшекейлерінде көрініс тауып, тотемдік мәнге ие болған.

Монетада ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген таулардың үстінде қалықтап тұрған  грифон бейнеленген. Артқы жағында тау шыңдары трафарет техникасымен безендірілген.

Монеталар алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.

Монетаның бейнесі

Монетаның Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Оқи отырыңыз: Тұрғындар ұсынысы ескеріледі - Сенат депутаты Алматының Бас жоспары жобасын талқылау туралы

Новости партнеров