Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

20.02.2026 17:55

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

— Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» көрме залы ашылады