Ұлттық мұра: қазақы тазыға арналған ерекше көрме өтті

19.09.2026 11:22

Көрме барысында тазылар дың тұқым стандартына сәйкестігі мен тұқымдық сапалары бағаланды

t.me/qazfwc

Бүгін Астанада халықаралық ит көрмесі аясында ұлттық мұрамыз — қазақы тазыға арналған монотұқымдық көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінен хабарлағандай, іс-шара қазақы тазының үздік өкілдерін таныстырып, тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді

Көрме барысында тазылар сараптамалық бағалаудан өтіп, олардың тұқым стандартына сәйкестігі мен тұқымдық сапалары бағаланды. Үздік өкілдер анықталды

"Қазақы тазы — ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан бірегей мәдени мұра, жеті қазынаның бірі. Бүгінде тұқымды сақтау, өсіру және халықаралық деңгейде таныту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026–2036 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспар да бекітілген", - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Осындай көрмелер қазақы тазының тұқымдық қасиеттерін сақтауға, жауапты асылдандыруды дамытуға және ұлттық тұқымды кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Алматы күні неге қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді

Толық көрсету