Ұлттық орталық музей инклюзивті ортаны дамыта бастады

04.11.2026 14:46

Келушілердің әртүрлі санаты үшін музейдің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚР Ұлттық орталық музейі 2027 жылдан бастап аутизмі бар балаларды музейге тарту мақсатында іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Музей директоры Сержан Саров Президент жолдауы аясында инклюзивті ортаны дамыту бағытында қола алынған осы жұмыстың аяқ алысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикер Мемлекет басшысы белгілеген міндет мәдениет мекемелерінің қызметінде де көрініс тауып отырғанын жеткізді.

«Президент өз жолдауында елімізде жасанды интеллектіні қолдауға, білім мен ғылымды одан әрі дамытуға, сондай-ақ инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше назар аударуға шақырды. Бұл бағытта музей де біраз жұмысты қолға алды. Біздің музей жәдігерлер сақталатын орын ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар беретін, мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мәдениет мекемесінің бірі», – деп толықтырды сөзін Сержан Саров.

Аталған жұмыстың негізгі бағытының бірі – аутизмі бар балаларға қолдау көрсететін Болат Өтемұратов қоры­мен ынтымақтастық орнату. Директордың айтуынша, музей қор­мен арнайы меморандумға қол қойған. Енді келер жолдан бастап бірлескен іс-шаралар өткізуді ойластырып отыр.

Сонымен қатар келушілердің әртүрлі санаты үшін музейдің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысқа қазірдің өзінде кірісіп кеткен.

«Соңғы уақытта музей мүмкіндігі шектеулі жандар мен келушілердің түрлі санатына арналған әртүрлі іс-шара ұйымдастырып келеді. Олардың қатарында тақырыптық көрмелер, арнаулы шеберлік сабақтары мен басқа да іс-шаралар бар», – деп қортындылады музей директоры Сержан Саров.

Оқи отырыңыз: Ғылым елді ауқымды жаңғыртудың негізіне айналуы тиіс – Ақылбек Күрішбаев Жолдау туралы

Толық көрсету