Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды

t.me/PR_KTZh
t.me/PR_KTZh

Пойыздарда кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау ережелері қолданылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушы балаларды тасымалдау жайын қорытындылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды.

Ең танымал бағыттар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей бағыттары болды.

Пойыздарда кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау ережелері қолданылады:

  • ата-аналарға бөлек орын алмаса, 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін тасымалдауға рұқсат етіледі;
  • 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болған жағдайда тек бір балаға тегін жол жүру рұқсат беріледі, қалғандарына балалар билеттері сатып алынады;
  • 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдікпен балалар билеті ресімделеді;
  • 15 жастан асқан балаларға ересек билет сатып алынады, заңды өкілден нотариалды куәландырылған келісім болған жағдайда дербес жол жүруге болады.

Сонымен қатар барлық маршруттарда балалар контенті бар мультимедиялық қызметтер жұмыс істейді, ал мейрамхана вагондарында бейімделген мәзірлер ұсынылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсету сапасын жетілдіруді жалғастыруда және ең жас жолаушыларға арналған қызметтер тізбесін кеңейтуде.

Оқи отырыңыз: Балалар күні: Алматы жедел медициналық жәрдем станцияларында ашық есік күні өтті

Новости партнеров