Ұлттық жаңғырудың бастауы: Алматыда Егемендік декларациясына арналған жиын өтті

Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары жарық көрген еңбектердің көрмесі таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мемлекеттік Егемендік туралы декларацияның тарихи-мәдени маңызы». Алматыда осындай атаумен белгілі әдебиеттанушылар, тарихшылар, мәдениеттанушылар мен жас зерттеушілер қатысқан жиын өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іс-шарада декларацияның мемлекеттің құқықтық және идеялық негізін қалыптастырудағы орны мен рөлі, егемендік идеясының ұлттық сана мен рухани кеңістіктегі маңызы, сондай-ақ өнер мен мәдениеттегі көрінісі талқыланды.

Сонымен қатар Әдебиет және өнер институтының тәуелсіздік жылдары жарық көрген еңбектерінің көрмесі таныстырылды.  

«35 жыл – біз үшін үлкен ізденіс. Бұл әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан өзімізді тану, өз тарихымызды жазу, мәдениетімізді, тілімізді, руханиятымызды қалпына келтіру үдерісі жалғасып келе жатқан үлкен кезең», – деді театртанушы Аманкелді Мұқан.

Оқи отырыңыз: Мектептен ғылымға дейін: Қазақстанның білім саласындағы кешенді дамуы

Новости партнеров