Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізілмек
Көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында Энергетика министрлігі үшін басым бағыттардың бірі – қолданыстағы энергия көздерін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы, 11 электр стансасында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:
* Ақсу ГРЭС-нің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
* Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
* Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);
* Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
* Топар ГРЭС жаңғырту (250 МВт);
* Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
* Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
* Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
* Qarmet АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
* Степногор ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).
Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр стансаларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады.
Оқи отырыңыз: Жол қауіпсіздігі: Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты