Ұлы ақын – ұлт мақтанышы: Алматыда балаларға арналған поэзия байқауы өтті

08.08.2025 19:17

Балалар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды

Алматыда қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы ақын – ұлт мақтанышы» атты балаларға арналған поэзия байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа қатысқан балғындар екі кезең бойынша бақ сынасып, алдымен хакім Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кейіннен бас ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Өскелең ұрпақтың танымын арттыруды көздеген іс-шара жас жүректерге ұлттық рухты дарытып, Абай мұрасының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Кез келген нәрсе бағаланса, қадірлі болады, балалар да соған ұмтылады.  Абайдың 180 жылдығы аясында өткен іс-шараның мақсаты – балаларды талпындыру, үйрету, ақын өлеңдерін дәріптеу», – деді Алатау креатив хаб кітапханасының қызмет көрсету бойынша меңгерушісі Рауан Жаңбырбаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған 120-дан астам іс-шара өтеді