Ұлытау облысында мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Бақташы 160 бас қойды жайылымда жүрген жерінен сатып отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысында мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Төрт адам Жаңаарқа ауданында бұл іспен соңғы 2 жыл бойы жүйелі түрде айналысты деген күдікке ілінді. Қазір олардың бұған дейінгі қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Полиция жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында тағы бір мал ұрлығы ашылды. Қылмыстық істе бақташы 160 бас қойды жайылымда жүрген жерінен сатып отырған. Төрт түлік Жамбыл облысынан табылды.

Айта кетейік, былтыр өңірде мал ұрлығына қатысты 11 қылмыстық дерек тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 13-ке жеткен.

«2024-2026 жылдар аралығындағы қылмыстар тексерілуде. Айғақтық заттар тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда жұмыстар жалғасуда. Күдіктілер қамауда. Біз өз тарапымыздан және республика тарапынан мал ұрлығына қарсы шаралар жүргізілуде. Республикалық жолдарға бес бекет қойылды. Жедел профилактикалық шаралар жүргізіп, мал еттін сататын дүкендерді тексерәп жатырмыз», – деді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асқар Дүйсебаев.

Оқи отырыңыз: Сыйлыққа алған пәтерге салық төлене ме