Облыс бойынша 28 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді
Ұлытау облысында бірнеше күннен бері жанар-жағармай тапшылығы байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аймақтағы көлік тізгіндеген жүргізушілер бекеттерде ұзын-сонар кезекте тұр. Салдарынан өзге қаладан келген тұрғындар да діттеген жеріне жете алмай әлек. Жауаптылар өңірге бүгін түнде 2 вагон және аптаның соңына дейін 16 вагон жанар-жағармай жеткізіледі деп уәде берді.
"Жеке кәсіпкерлер мұнай өндіретін зауытқа өтінімін береді. Жанар-жағармай кешігіп жатыр, сондықтан Жезқазған, Сәтбаев қалаларында тапшылық бар. Облыс бойынша 28 жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді. Бұл мәселе жақында шешіледі. Энергетика министрлігі тарапынан бағаға бақылау қойылған", – деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ғазиз Төлеуов.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында зейнеткер күйеуін пышақтап өлтірді