Ұлытау облысында жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен үш тұрғын құтқарылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Іздеу жұмысына ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Ұлытау облысында жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен үш тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ хабарлағандай, 1997, 1972 және 1968 жылы туған үш ер адам қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

"Жоғалған тұрғындарды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмысына ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды.

Қиын өтімділік жағдайында құтқарушылар қар басып қалған жолдарды тазалап, іздестіру топтарының қозғалысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Іздеу жұмысының 5 сағатынан кейін жоғалған азаматтар Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды.

"Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деді ТЖМ өкілдері.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында бір отбасының төрт адамы іздестіріліп жатыр

Новости партнеров