Ұлытауда «Көкмайса – даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі өтеді

03.06.2026 11:53

Мерекелік бағдарламадан соң танымал өнер жұлдыздарының концерті өтеді

ЖИ арқылы жасалған

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында «Көкмайса – даланың тірі тарихы» атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық дәстүрлер мен қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шара 27 маусымда сағат 10:00-де басталады.

Фестиваль аясында келушілерге қазақтың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігін таныстыратын этноауылдар ұсынылады. Сондай-ақ қымызмұрындық рәсімі көрсетіліп, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады.

Қонақтар қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, халқымыздың көшпелі мәдениетінен сыр шертетін ерекше көріністердің куәсі бола алады. Соның бірі – бір мезетте 500 бие сауылатын тарихи қойылым.

Мерекелік бағдарламаның соңы танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертке ұласады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көкмайса» фестивалі – қазақ даласының рухын сезінуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдени мұраны кеңінен танытуға арналған бірегей шара.

Фестивальге Ұлытау өңірінің тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Ұйымдастырушылар барша жұртты ұлттық рух пен дәстүрді бірге ұлықтауға үндеп отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда омарталардың ветеринариялық паспорты енгізіледі