«Ұмай» ипотекасы: Қазақстанда әйелдерге 50 миллион теңгеге дейін несие беріледі

29.10.2026 21:57

Несие алуға ниетті әйел соңғы алты айдағы ресми табысын растауы қажет

Almaty.tv

Қазақстанда әйелдерге баспана алуға мүмкіндік беретін «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 3 қарашада басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
сайты.

Бағдарлама бойынша 50 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8 пайызды, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3-16,8 пайызды құрайды.

Бағдарламаға қатысу үшін отбасының орташа айлық таза табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауға тиіс. Сондай-ақ несие алуға ниетті әйел соңғы алты айдағы ресми табысын растауы қажет.

Бастапқы жарна мөлшері баспана сатып алынатын қалаға байланысты белгіленген. Астана мен Алматыда тұрғын үй құнының кемінде 20 пайызын, ал басқа қалаларда 15 пайызын жинау қажет. Несие сомасын есептеу кезінде банк баспананың сатып алу бағасы мен бағалау құнының қайсысы төмен болса, соны негізге алады.

Оқи отырыңыз: Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді

Толық көрсету