ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыракүнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізубағытындағы Қазақстанның еңбегіне жоғары баға берді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегіорынбасары Найеф әл-Файездің айтуынша, домбыра – қазақхалқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәдениқұндылығы.
«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасыныңРепрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалықдәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-біріменбайланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраныерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққажалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды», – деді Найеф әл-Файез.
Ол сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Қазақстанның ұлттық мұранысақтау жолындағы бастамаларын жоғары бағалайтынынжеткізді.
«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұранысақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағықадамдарын жоғары бағалайды», – деді ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары.
Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емесмәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Ал 2022 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлықмәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО қабырғасында жиішырқалады. Қазақстандық дипломаттардың қатысуыменөтетін мәдени іс-шараларда ұлттық аспаптың үні тұрақтытүрде естіліп, шетелдік көрерменнің қазақ мәдениетінедеген қызығушылығын арттырып келеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті