Алматыда Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Almaty TV
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл ақпаратты Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.
Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі.
«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді.
Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды матчтарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы.
Оқи отырыңыз: Елімізде жаңадан 12 футбол стадионы салынбақ
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
22 қыркүйекке арналған валюта бағамы
22.09.2026 08:20