Үш оқушы көз жұмған: Жамбыл облысында 6 басшы жауапқа тартылды

16.09.2025 21:31

Білім бөлімі басшыларының лауазымына сай не сай еместігі тексерістен соң белгілі болады

Жамбыл облысында екі апта ішінде 3 мектеп оқушысы қаза болғанына байланысты аймақта 6 басшы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыс әкімі шұғыл жиын өткізіп, әлеуметтік салаға жауапты өзінің орынбасарына сөгіс берді. Ал Тараз қаласының әкімі мен оның орынбасары және Шу ауданының әкімі мен орынбасары қатаң сөгіс алды. Олардың қатарында білім басқармасының басшысы да бар. Ал білім бөлімі басшыларының лауазымдарына сай не сай еместігі тексерістен соң белгілі болады.

Еске салсақ, әлімжеттіктен қаза болған оқушылардың бірі алғашқы қоңырау күні пышаққа ілінсе, екеуі соңғы аптада Шу мен Тараз қаласындағы мектептерде көз жұмған.

 «Облыс әкімінің тапсырмаларын орындамағаны жаза қолданды. Егер бұл жағдай қайталанатын болса, қосымша жаза беріледі. Ол ауыр сипаттағы тәртіптік жаза болып табылады. Болашақта тағы да тәртіптік сипаттағы құқық бұзушылық жасайтын болса, онда ол одан да ауыр жаза алуы мүмкін. Екіншіден, белгілі бір сыйақылардан айырады», – деді облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев.

Оқи отырыңыз: Әлімжеттік құрбаны: Жамбыл облысында 2 оқушы көз жұмды